Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » 500 мың теңге тұратын торт

500 мың теңге тұратын торт


Астанада биіктігі бір жарым метрлік алып торт әзірленді деп хабарлайды 
today.kz-ке сілтеме жасаған nur.kz.
Алып тортты астаналық кондитер Динара Еремеева даярлаған. Аспаздың айтуынша, бар-жоғы төрт адамнан тұратын оның тобына, осындай дәу тортты әзірлеу оңайға соқпапты.
«Бізде мұндай идея бұрыннан болған еді, бірақ тапсырыс түспеді. Міне жақында осындай тортқа тапсырыс беріліп, біз оны үйлену тойына арнайы әзірледік. Негізі, осы сияқты алып торттарды Балида бұрыннан-ақ жасап келеді, Қазақстанда, оның ішінде, Астанада әзірге, алып торт дайындаған тек біз ғана деп ойлаймыз», - деп әңгімелеп берді аспаз.
Сонымен бірге, ол торттың құны 500 мың теңгеге жуықтап қалатынын айтып берген.
 «Қазақстанда 6-7 шеңберлік торттардың бағасының өзі, келісіне 7000 теңгеден кем болмайды. Бағасы 500 мың теңгеге тақап қалады деп айтар едім. Биіктігі – 1,5 метр. Жалпы 300 адамға арналған торт", - деп еске салды аспаз.
Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте Ренат Ағзамов даярлаған, құны 21 миллион теңгелік торт қазақстандықтар арасында қызу талқыға түскен еді.
06 ақпан 2018 ж. 1 551 0