№93 (8907) 6

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Алматыда ірі жол апаты болып, алты адам зардап шекті

Алматыда ірі жол апаты болып, алты адам зардап шекті



Алматыда 9 қыркүйек күні болған ірі жол апатынан алты адам зардап шекті. Оның үшеуі – бала, біреуі аса ауыр хәлде ауруханада жатыр. Жол апаты Жандосов және Манас көшелерінің қиылысында болды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Манас көшесімен келе жатқан Lada көлігінің жүргізушісі бағдаршамныңқызыл түсіне тоқтамай, өте шыққан уақытта оған Toyota көлігі соғылады. 
Соққыныңқатты болғаны соншалық, Lada 180 градусқа аударылып түсіп, ал Toyota жол жиегіне ұшып кеткен.
Екі көліктің де ішінде отырған адамдар зардап шекті. Жедел жәрдем оқиға орнынан ауруханаға алты адамды жеткізді. Олардыңүшеуі – бала
Дәрігерлердің айтуынша, балалардың біреуінің хәлі аса ауыр. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде, ақ халаттылар оныңөмірі үшін күресіп жатыр. 
Апат орнында полицейлер жұмыс істеуде. Олар кінәлі адамды анықтады, енді оның рөлді мас не сау күйінде жүргізгені тексеріледі. 
ДЕРЕККӨЗ: nur.kz.
10 қыркүйек 2018 ж. 793 0