№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖАЙЫЛМАНЫҢ ҚАРБЫЗЫН-АЙ!

ЖАЙЫЛМАНЫҢ ҚАРБЫЗЫН-АЙ!


ХХІ ғасыр. Қазақстандықтарды үміт пен сенім алға жетелей түсті. 2000 жылдан бастап
Қазақстан үшін серпінді даму үдерісі басталды. Көптеген халықаралық келісімдер мен мемлекеттік маңызы жоғары заң құжаттарына қол қойылды. Тұжырымдамалық түрде «Жер туралы» Заң жобасы қабылданды.
Қазақстанның мәдениет жылы жарияланып, соның аясында республикалық ауқымдағы шаралар ғана емес, халықаралық деңгейден де көрініс тапты. Мәселен, осы жылы тұтастай түркі жұртының бесігіне айналған шежірелі Түркістан қаласының 1500 жылдығы ЮНЕСКО деңгейінде тойланды.
Елде үлкен тойлар өтіп жатқанда, Жайылмада қайта құру жүргізіліп жатты. Мәселен, Жайылма шаруа қожалығы Жайылма жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып қайта құрылды. Серіктестікті білікті басшы Берік Шайдаров басқарды. Ұжым еңбеккерлері «Алтыбай» өңірін игерді. Онда көкөніс және бақша дақылдарын екті. Тың жерге егін бітік шықты. Әсіресе, қауын-қарбыз жайқалып өсті. «Еңбек – ырыстың бұлағы, бақыттың шырағы», «Еңбекке қарай құрмет», «Еңбегіне қарай өнбегі» дейтін аталы сөздің парқын түсінетін еңбекқорлар ала жаздай аянбай еңбек етті. Соның нәтижесінде серіктестік мол өнім алды.
Сапалы өнім Астана қаласына екі вагонмен жөнелтілді. Арзан бағада сатылымға шыққандәмі тіл үйірген қауын-қарбызы жөнінде әңгіме өрбіді. Астаналықтар: «Жайылманың қарбызын-ай!» деп тамсана, таңдана, таңырқап өнімді бірнеше күнде тауысты.
Жайылмалық дихандар Астанаға қауын-қарбызды тарту етіп ғана қойған жоқ, жергілікті өнімді қазақстандықтарға етене таныстыруға мүмкіндік алды. Бұл қадам Жайылманың қарбызы Жаңақорғанның брентіне айналуына алғышарт болуымен құнды.
Астана қаласында қауын-қарбыз сатқан Әбдимүтәліп Мәуленқұлов: – Астана қаласының тұрғындары бізді жылы қабылдады. Бақша дақылдарының аузыңныңсілекейін ағызар дәмділігіне сүйсінген қала тұрғындары жапа-тармағай алып жатты. Біз қуанғанымыздан сапалы қызмет көрсетуге тырыстық. Қауын-қарбыздың дәмін татқан тұтынушылар қайта-қайта келіп сатып алды, – деп есіне алады.
P.S.:
Жайылманың қарбызы Қазақстан нарығына шығып, даңқы аса бастаған кез. Бұл – ауыл еңбеккерлерінің үлкен бейнетінің зейнеті деуге болады. Яғни, жайылмалық дихандар қарбызды ауданның брендіне айналдыруға деген талпынысы ХХ ғасырдың аяғында басталды.
13 тамыз 2018 ж. 1 186 0