№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

20 жыл – 20 белес


Елбасы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында «2018 жыл – Елордамыз Астананың 20 жылдығын атап өтетін мерейтойлы жыл. Бас қаламыздың қалыптасуы және Еуразияның маңызды даму орталықтарының қатарына қосылуы – баршамыздың ортақ мақтанышымыз» деп атап көрсетті. Осы тұста, мерейлі мереке қарсаңында бас шаһар – Астананың бүгінге дейінгі қалыптасу кезеңдеріне тоқтала кетсек...

1998 6 мамыр – Мемлекет басшысы «Ақмола қаласын Астана қаласы деп атау туралы» Жарлыққа қол қойды. Осы жылы Алматы және Сарыарқа ауданы құрылды. 9-10 маусымда Астананың ресми халықаралық тұсаукесері өтті.

1999 1-маусым – Д.Салауат пен А.Чиканаев жасаған Астана қаласының Елтаңбасы бекітілді.

2000 27 қазан – ҚР Үкіметінің қаулысымен ҚР мемлекеттік мұражайы мен С.Сейфуллин атындағы республикалық көпшілік кітапханасы біріктіріліп, ҚР Президенттік мәдениет орталығы болып құрылды.

2001 19 наурыз – ҚР Президентінің Жарлығы бойынша 2005 жылға дейінгі аралықта «Астананың көркеюі – қазақстанның көркеюі» атты астана қаласын әлеуметтік-экономикалық жағынан дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.

2002 29 тамыз – ҚР Президентінің қатысуымен «Бәйтерек» монументі салтанатты түрде ашылды.

2003 6 мамыр – «Думан» ойын-сауық кешені ашылды.

2004 24 желтоқсан – астанада ҚР Президенті резиденциясы – Ақорда салтанатты түрде ашылды.

2005 жылы – ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «еуразия жүрегінде» атты еңбегі жарық көрді.

2006 сәуірде – бейбітшілік пен келісім сарайының ресми тұсаукесері өтті. 12 қыркүйек – бейбітшілік пен келісім сарайында әлемдік дін өкілдерінің іі съезі ашылды. Оған әлемнің 20 елінен 49 делегат қатысты.

2007 21 шілде – «қазақстан республикасы астанасының мәртебесі туралы» заң қабылданды.

2008 жылы 6 шілде – Астана қаласының 10 жылдық мерейтойы атап өтілді.

2008 маусым – Астана мәслихаты Астананың жаңа рәміздерін – Елтаңба мен Туын бекітті.

2010 1-2 желтоқсан – Астанада еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының тұңғыш саммиті өтті.

2011 2-7 ақпан – Алматы және Астана қалаларында ҮІІ Қысқы азия ойындары болып, Қазақстан командасы бірінші орынды иеленді.

2012 14 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегия­­сы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты қазақстан халқына жолдауы жарияланды.

2013 жылы – «Астана-опера» мемлекеттік опера және балет театры ашылды, оның музыкалық жетекшісі және дирижері – Валерий Гергиев, қоюшы-режиссері – Пьер Луиджи Пицци.

2015 жылы – Астана тарихи мерекелерді кең көлемде тойлады. Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 70 жылдығы, қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығы, қазақ хандығының 550 жылдығы және ҚР конституциясының 20 жылдығы мерекесін атап өтті.

2016 жылы – Астана қаласы әлемдегі «топ – 21» «ақылды» қалалар тізіміне енді.

2017 жылы – Астанада «ЭКСПО –2017» халықаралық көрмесі өтті. Оған дүние жүзінің 100-ден аса елінен милиондаған туристер келді. «Болашақ энергиясы» тақырыбында өткен шара 3 ай жалғасты.

2018 жыл 1 шілде – тұңғыш рет ұлттық домбыра күнін тойлады. 6 шілдеде – астанаға 20 жыл толуына орай әлемнің үздік эстрада жұлдыздары қатысуымен гала-концерт өтпек.

Дайындаған Мақпал МАРҚАБАЙ.
03 шілде 2018 ж. 1 327 2

Гость Jeahulalf от 12 ақпан 2019 13:43
Pharmacybiz Prolonged Amoxicillin Use Zithromax Cost At Publix canadian pharmacy cialis 20mg Cheap Viagra From Other Countries Best Prices On Cialis Generic

Гость Jeahulalf от 4 наурыз 2019 18:58
Priligy Equivalent cialis price buy brand name accutane Cialis Tadalafil Contraindicaciones Does Keflex Cause Constipation In Dogs