№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ МЕЦЕНАТТЫҢ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҒЫ

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ МЕЦЕНАТТЫҢ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҒЫ


Қызылорда қаласына қарасты Қарауылтөбе ауылында кәсіпкер Сейтқали Алшынбаевтың 10 миллион теңге қаржылай демеушілігімен салынған «Тағзым алаңы» салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Шахмардан Асқарұлының айтуынша, бұл игілікті шара Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда, облыс әкімінің бастамасымен бастау алған «Туған жерге тағзым» акциясы аясында ұйымдастырылған.
«Тағзым алаңының» бой түзеуіне көмектескен Сыр өңірінің белді кәсіпкері, жомарт азамат Сейтқали Бегманұлына және осы игілікті іске атсалысқан барлық жандарға дүйім жұрттың әрі қала әкімінің атынан алғыс білдіремін», - дейді қала әкімінің орынбасары.
Қарауылтөбе ауылының орталығындағы 8 соттық жерге орналасқан «Тағзым алаңында» ерлігі елге дастан осы топырақтан майданға аттанған 68 майдангердің және жеңісті жақындату жолында ерен еңбегімен еленген 13 тыл ардагерінің есімдері мәрмәр тасқа қашап жазылған.
«Осы ауылдың аумағынан сұрапыл соғысқа 68 майдангер аттанған екен. Олардың 25-і ғана оралған, қалған 43 боздаққа туған жерінің топырағы бұйырмаған. Сондықтан, Отанды қорғаған майдангерлер ешқашан ұмытылмайды. Оларды құрметтеу, ерлігін дәріптеу – біздің парызымыз», - дейді кәсіпкер Сейтқали Алшынбаев.
Айта кетейік, бүгінде Қарауылтөбе ауылында Ұлы Жеңісті жақындатуға үлес қосқан 13 тыл ардагері бар.
22 мамыр 2018 ж. 976 0