№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Елбасы Астанада ашылған ботаникалық бақты аралап көрді

Елбасы Астанада ашылған ботаникалық бақты аралап көрді

Нұрсұлтан Назарбаев Астанада жаңадан ашылған ботаникалық бақты аралап көрді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бақтың жалпы аумағы 92 гектар. Ботаникалық бақты салуға 23 млрд теңге жұмсалса, оның 12 млрд-ы жекелеген инвесторлардың қаржысы. Паркте тропикалық, шөл өсімдіктерін өсіруге арналған жылыжайлар, сондай-ақ суккуленттер бар.
Өсімдіктер бақшасында 33 мыңнан астам ағаш, жасанды су қоймасы, веложол, жүгіруге арналған тратуар және жаяу жүргіншілер жолы бар.
Ботаникалық бақтың жанында абаттандыру аумағы 141 мың шаршы метр болатын қосымша саябақ бар. Онда 10 мыңнан астам қылқанды және жапырақты ағаштар отырғызылған.
Сонымен қатар Президентке биіктігі 14 метр болатын "Қазақ еліне мың алғыс" монументі таныстырылды. Монумент қоладан құйылып, жасанды гранит тұғырға орнатылған. Онда қазақтың ұлттық киімін киіп, балаларды ойнатып жүрген ана бейнесі бейнеленген.
Мүсін Қазақстанды әртүрлі ұлттардың өкілі ретінде көрсетеді, сондықтан ұлдарының бірі қазақ, екіншісі корей ұлтының өкілі, ал қыздың еуропалық көрінісі бар. Монумент Қарағанды облысының Астананың 20 жылдығына орай жасаған тартуы.
Бұдан бұрын Мемлекет басшысы өсімдіктің барлық түрін осы Ботаникалық бақта өсіру керектігін айтқан болатын.
"Әлемдегі экзотикалық өсімдіктердің барлық түрі осы бақта өсу үшін жағдай жасау қажет", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
02 шілде 2018 ж. 1 085 0