Теміртауда гүл ашты
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Теміртау қаласындағы Қысқы бақ 25 жылдық мерейтойын атап өтті, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімінің ресми сайты. Мұнда 100-ден астам өсімдіктер түрлері өседі. Осы секілді оранжереялар Қазақстанның басқа да қалаларында бар, алайда олар ғылыми мақсатта пайдаланылады. Ал теміртаулық бақ жыл бойы келушілер үшін есіктерін айқара ашады. Қысқы бақ қызметкерлерінің айтуынша жобалық орындау бірегей және күрделі болып табылады. Арка типтес биік ғимарат төменнен жоғарыға дейін витраждармен көмкерілген.
Бүгінгі күні экзотикалық өсімдіктерді небәрі екі қызметкер баптайды: агроном және көгалдандырушы. Атқарылатын жұмыс қолмен жасалады: өсімдіктерді құбыршектер суғаруға тура келеді. Жұмыскерлер қазіргі заманға тамшылап суару жүйесін орнатуды армандайды. Әрдайым ылғалдылық пен қажетті температураны, яғни - 12 градустан төмен түспейтін жылылықты сақтап отыру қажет. Жылыту орталықтандырылған, сонымен қатар жылыту атқарымы бар қуатты желдету жүйесі жұмыс істейді. Оранжерея бойынша экскурсияны осында жеті жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан агроном Ботагөз Ташенова өткізді. Ең биік өсімдіктер - құрма пальмасы мен вашингтония, ең төменгі қабатты традесканция қаптап жатыр. Құрма пальмасы жақсы өсіп келеді, 90-шы жылдары Қарағанды ботаникалық бағынан алып келінген көшет. Қазіргі күні оның діңгегін екі металл тіреуіштер тіреп тұр. Трахипаркус пальмасының қурап қалған бұталарын кесу үшін альпинисттер көмегіне жүгінеді. Өткен жылы өсімдіктің тұқымдары алынған - бүгінде олар отырғызылған. Ботагөз Ташенова өзінің мақтан тұтатын өсімдігін көрсетті - гибискус (қытай раушан гүлі). Бұл гүлдің күтімі өте күрделі. Оранжереяда жәндіктерді улаған кезде раушан гүлдер ауырып қалған. Оларды қайта қалпына келтіру үшін біраз күш жұмсаған екен. Осы қыста гибискус тынымсыз гүлдеп жатыр, әдетте олар күздің соңында ұйқыға кететін. Мерейтой жылы жабайы табиғатта өте сирек гүлдейтін шеффлера да тосын сый жасады. - Оны 10 жыл бұрын жастар отырғызған. Бізде бір дәстүр болатын: неке қию кезінде жас жұбайлар естелік ретінде бір өсімдік отырғызатын. Бірер күн бұрын мынадай түйін көрдік. Біз үшін ол үлкен қуаныш, себебі ол бізде алғаш рет гүлдеп отыр, - дейді агроном. Сонымен қатар Қысқы бақта қала тұрғындары сыйлаған өсімдіктер бар. Бір күні бізге бір кісі бес пальма көшеттерін сыйға тартты. Басқа бір теміртаулық тұрғын Тайландтан құмыраға отырғызылған кішкентай ағаш алып келді. Оның атауын әлі күнге дейін ешкім білмейді, ал өсімдік болса жерсініп, екі жыл ішінде екі метр биіктікке өсіп үлгерді. Мұнда сонымен қатар танымал тұлғалар отырғызған экзотикалық өімдіктер де бар. Қазақстандық ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев сауырағаш пен олеандр отырғызды, ал ресейлік ғарышкер Юрий Батурин - канар құрмасын екті. 2000-шы жылы «Бота» қорының төрайымы Сара Назарбаева балалар үйінің ашылуына келгенде Қысқы бақта олеандр көшетін отырғызып кеткен. Бақта жыл сайын банан түсімі жиналады. Ол сәндік ағаш сұрпынан: текстильді абака, сондықтан жеуге жарамсыз. Экскурсияға келген балаларға бақ қызметкерлері інжір береді - күзде бір ағаштан екі шелек түсім жинауға болады. Монстера да жеміс береді. Биылғы жылы алғашқы собық пайда болды, ол шашамен сегіз ай піседі. Сол кезде бақтың ішін хош иіс алып кетеді. Жеміс тәтті - ананас пен бананның аралас дәміне ұқсас.