№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Қытай Қазақстанға үш миллион доллардың "Алтын көпірін" сыйға тартпақшы

Қытай Қазақстанға үш миллион доллардың "Алтын көпірін" сыйға тартпақшы


Астанада Қытай сәулетшісі Шун-лидің "Алтын көпір" деп аталатын монументі салынбақшы. Құны 3 миллион доллар болатын сәулет туындысы демеушілердің есебінен қаржыландырылады деп хабарлайды Елорда Инфо порталына сілтеме жасаған 
NUR.KZ.
"Бүгінгі күні "Алтын көпірдің" идеясы – ол мыңжылдық көпір. Шын мәнінде ондай көпір бар. 1000 жыл бұрын салынған. 2017 жылы Бейжіңде "Бір белбеу – бір жол" форумы өтті. Сол форумның қатысушылары Жібек жолы елдерінің символы алтын көпір болады деген шешім қабылдады.
Бүгінгі күні сәулетші бізбен де, әкімдікпен де бірлесіп жұмыс істейді. Бұл жоба алдағы аптада Астанада өтетін форумда таныстырылады. Макеті форум өтетін жерге орнатылады. Ал сәулет туындысы бір жыл ішінде Сулы-жасыл бульвардың жалғасы ретінде "Хан Шатыр" ОСО арғы жағына орнатылады. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін жақсы жер. Келесі жылы осы уақытта монументті көреміз деп үміттенеміз", — деді G-Global халықаралық хатшылығы жетекшісінің орынбасары Мұрат Қарымсақов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Кәріптас (ред.янтарь) салынатын алтын түсті көпірдің құрылысына шамамен 20 мыңнан астам кірпіш кетпек. Ол Ұлы Жібек жолы елдеріне кіретін 50 мемлекетті сипаттайды. Сонымен бірге сәулетші бұл елдерді символы ретінде жібек гүлдерді ұсынды. Олар кәріптасқа салынбақ.
Айта кетейік, "Алтын көпір" монументі бір жыл бойы салынады деп жоспарланып отыр. Демеушілер мен сәулетшінің өз есебінен салынатын сәулет туындысының бастапқы сомасы шамамен 3 млн долларды құраған.
27 маусым 2018 ж. 774 0