ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНА БАҒЫТ

«Әділет» партиясы Жаңақорған аудандық филиалына қарасты Қожакент бастауыш партия ұйымында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында көтерілген басым бағыттар мен ел дамуына арналған міндеттерді талқылауға арналған кездесу өтті.
Жолдау – еліміздің стратегиялық даму бағдарын айқындайтын, алдағы кезеңнің басымдықтары мен нақты міндеттерін белгілейтін маңызды құжат. Ондағы бастамалардың мәнін терең түсіну, белгіленген міндеттердің орындалуына қоғамдық бақылау жүргізу және олардың халық өміріне тигізер пайдасын бағалау – баршамызға ортақ жауапкершілік.
Кездесу барысында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, азаматтардың әл-ауқатын арттыру, еңбек адамының мәртебесін көтеру, ауылдық аумақтардың әлеуетін дамыту, сапалы білім мен қолжетімді медициналық қызмет көрсету, инфрақұрылымды жаңғырту және жастарға жаңа мүмкіндіктер қалыптастыру мәселелері кеңінен қозғалды.
Сонымен қатар, Жолдауда белгіленген міндеттерді жергілікті деңгейде жүзеге асыру, ауыл тұрғындарын толғандырған өзекті мәселелерге назар аудару және қоғамдық бастамаларды қолдау бағытындағы жұмыстардың маңыздылығы атап өтілді.
«Әділет» партиясы үшін Жолдаудағы міндеттерді халыққа түсіндірумен қатар, олардың орындалуына ықпал ету, азаматтардың ұсыныс-пікірлерін назарға алу және нақты нәтижеге бағытталған жұмыстарды жүйелі жүргізу маңызды.
Өйткені ел дамуы – ортақ жауапкершілік, ал әрбір игі бастаманың нәтижесі халықтың өмір сапасынан көрініс табуы тиіс.




