КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жаңақорған ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Нариман Жахудаевтың төрағалығымен өткен жиынға Жаңақорған ауданы прокурорының бірінші орынбасары Бағдат Жүсіпбеков, комиссия мүшелері, білім беру ұйымдарының басшылары мен жауапты мамандар қатысты.
Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің алдын алу және мектеп оқушылары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар талқыланды.
Жиында №125 орта мектеп директоры Б.Шерімбетов, №208 орта мектеп директоры Н. Тұрсынов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың психологиялық жағдайына назар аудару және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша баяндама жасады.
Отырыс қорытындысымен жауапты сала басшыларына тиісті хаттамалық тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы қатаң бақылауда болатыны ескертілді.




