№24 (8735) 23

23 наурыз 2024 ж.

№23 (8734) 19

19 наурыз 2024 ж.

№22 (8733) 16

16 наурыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» Кәсіби бағдар беру жұмыстары Сүттіқұдық ауылында жалғасты

Кәсіби бағдар беру жұмыстары Сүттіқұдық ауылында жалғасты

Жастарды еңбекке баулу және мамандықтарын дұрыс таңдауға бағыт беру маңызды істердің бірі. Саналы түрде таңдалған мамандық жеке тұлғаның болашақ өміріне әсер етеді. Болашақтағы кәсіби мақсатына дұрыс бағыт алған оқушы бойындағы қарым қабілетін шығармашылықпен дамыта білсе сапалы маман ретінде қалыптасатыны белгілі.


Осы орайда Жаңақорған аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ бастамасымен Сүттіқұдық ауылдық округі Б. Аралбаев атындағы №52 мектебінің 9-11-сынып оқушыларына түрлі сала өкілдерінің қатысуымен кәсіби бағдар беру бағытында кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері Ж. Досанов, жергілікті дәрігерлік амбулаторияның фельдшері О.Нысанбек, Сүттіқұдық ауылдық клубының сүйемелдеушісі А. Ишанова, күрес үйірмесінің жатықтырушысы Қ.Байтемиров, №13 "Гүлдер" балабақшасының тәрбиешісі
Ф. Өксікбаева, ауылдық округ кітапханашысы Р. Ибрагимова, аудандық жастар ресурстық орталығының мамандары Б.Өмірзақов, А. Дәрібаев және Сүттіқұдық ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі маманы І. Рахым қатысты. Шара аясында болашақ мамандық иелеріне сала мамандары өз бағыттары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, кең көлемді ақпараттар беріп, өзара пікір алмасты.

---
10 ақпан 2023 ж. 130 0