Соңғы жаңалықтар

№74 (8987) 29

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (8986) 26

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (8985) 22

22 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Төрехан Сабырхан Азия ойындарының алтынын жеңіп алды

Төрехан Сабырхан Азия ойындарының алтынын жеңіп алды


Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Сыр бойы.

70 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінің финалында ол иорданиялық Зеяд Ишаишпен жұдырықтасты. Шешуші жекпе-жекте Сабырхан төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Төрехан өз салмағында Азия ойындарының чемпионы атанып, Қазақстан құрамасының қоржынына алтын жүлде салды. Ал финалда жеңілген Ишаиш жарысты күміс медальмен аяқтады.
Еске салайық, Сабырхан жартылай финалда өзбекстандық Шавкатжон Болтаевты да 5:0 есебімен ұтқан болатын. Оған дейін ширек финалда Ирак өкілі Али Касим Хамдан әл-Саррайды бірінші раундта нокаутқа түсірген.

02 қазан 2026 ж. 43 0