Қазақстандық боксшы финалға шықты
Иордания астанасы Амман қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Махмуд Сабырхан финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Дүниежүзілік біріншіліктің күміс жүлдегері Махмуд Сабырхан 54 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық, әлем чемпионы Шахзод Музафаровпен шеберлік байқасты.
Махмуд бәсекені қызу бастап, бірінші раундта үстемдігін көрсетті. Екінші кезеңде Ш.Музафаров рефериден ескерту де алды. Үшінші раундта Махмуд сол қарқынынан танған жоқ. Төрешілер бір ауыздан жеңісті Махмуд Сабырханға берді – 5:0.
Осылайша, әлем чемпионын жолдан тайдырған Махмуд Сабырхан да финалға жолдама алды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Гүлсая Ержанның Азия чемпионатының финалына жолдама алғанын, Азия чемпионатында бүгін ерлерден 12 қазақстандықтың ½ финалда шығатынын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ қазақстандық боксшы қыздардың финалдағы қарсыластары анықталды.
Боксшы Санжар Тәшкенбай Азия чемпионатының финалына шықты.