Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Азия ойындары: Қазақстандық спортшылар тағы екі күміс, үш қола медаль жеңіп алды

Азия ойындары: Қазақстандық спортшылар тағы екі күміс, үш қола медаль жеңіп алды

Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық каратэші Лаура Әліқұл күміс медаль иеленді. 68 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз финалда қытайлық Цяоцяо Лиге 0:4 есебімен ұтылды.

Сонымен қатар 57 келіде бақ сынаған боксшы Карина Ибрагимова күміс жүлде жеңіп алды. Ол финалда Тайбэй спортшысы екі дүркін әлем чемпионы Ю Тин Лиге есе жіберді. 

Грек-рим күресінен 29 жастағы Әлімхан Сыздықов 130 келі салмақта қола жүлде үшін белдесуде Түрікменстан палуаны Айбегшазада Курраевтан 5:1 есебімен басым түсіп, қола жүлдеге қол жеткізді.

Джиу-джитсудан 69 келідегі Алдияр Серік Сингапурден келген қарсыласы Ноа Тян Рун Лиманы 2:0 есебімен жеңді.

62 келіде сынға түскен джитсер Мансұр Хабибулла 3-орын үшін өткен бәсекеде Марк Александер Лимді (Филиппин) 6:2 есебімен ұтты.
05 қазан 2023 ж. 358 0