Мәслихаттар сайлауы

Соңғы жаңалықтар

№85 (8998) 10

10 қараша 2026 ж.

№84 (8997) 7

07 қараша 2026 ж.

№83 (8996) 3

03 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Ермұхамед Әләйдар – VIII Әлем чемпионатының жеңімпазы!

Ермұхамед Әләйдар – VIII Әлем чемпионатының жеңімпазы!


Румынияның Бухарест қаласында 21–27 қыркүйек аралығында тоғызқұмалақтан кезекті VIII Әлем чемпионаты өтті. Дүбірлі додаға әлемнің 14 елінен 80-ге жуық үздік спортшы қатысып, бақ сынасты.


Ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен жерлесіміз, #7 спорт мектебінің тоғызқұмалақ бөлімінің жаттықтырушысы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ермұхамед Әләйдар айрықша нәтиже көрсетті:
Блиц түрінен – ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ (алтын жүлде);
Рапид түрінен – күміс жүлдегер.

Спортшының бапкері – ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Хакімжан Елеусінов, ең алғашқы жаттықтырушысы Асылбеков Қасым.

Әлем чемпионатына қатысқан елдер:
Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Түркия, Румыния, Словения, Испания, Чехия, Украина, Венгрия, АҚШ, Мексика және Оңтүстік Корея.
Жеңімпаз бен оның жаттықтырушысын жарқын жеңісімен құттықтаймыз!
28 қыркүйек 2026 ж. 916 0