» » Бүгін Қазақстанда Еңбек күні аталып өтеді

Бүгін Қазақстанда Еңбек күні аталып өтеді


Қазақстанда жыл сайын қыркүйектің соңғы жексенбісінде Еңбек күні аталып өтеді. Бұл кәсіби мереке елімізде 2014 жылы бекітілген.

Еңбек күні – ел экономикасының дамуына және қоғамның өркендеуіне адал еңбегімен үлес қосып жүрген еңбек адамдарына алғыс білдіруге арналған.

Бүгін Астана қаласындағы Президент орталығында Премьер-Министр Олжас Бектеновтің қатысуымен Еңбек күніне арналған «Еңбек – ел мұраты» атты республикалық форумында Мемлекет басшысының Жарлығымен 31 жыл бойы «Шалқия Цинк ЛТД» ЖШС-да тас қалаушы болып еңбек еткен Мырза Малкенов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Бұл – адал еңбектің, кәсібіне деген жауапкершілік пен табандылықтың лайықты бағасы.

Қажырлы еңбегімен еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосып жатқан сан алуан кәсіп иелерін мерекемен құттықтаймыз!

Еңбек күні құтты болсын!
28 қыркүйек 2026 ж. 108 0