АУДАН ӘКІМДІГІ ЖАНЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Аудан әкімі Ғалымжан Жарқынбектің төрағалығымен cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кезекті комиссия отырысы өтті.
Жиынға комиссия мүшелері, дербес бөлім басшылары, кент, ауылдық округ әкімдері, мектеп директорлары мен мемлекеттік балабақша меңгерушілері және БАҚ өкілдері қатысты.
Комиссия отырысының күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Бірінші мәселе бойынша, «Жаңақорған ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарған шаралары туралы» бөлім басшысы Нұржан Сүлейменов хабарлама жасады. Екінші мәселе бойынша, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Дәулет Өмірәлиев «Құрылыс саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу бағытында қабылданып жатқан шаралар және құрылыс мерзімі ұзаққа созылған объектілер мен осы бағыттағы проблемалық мәселелердің шешілуі бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталды. Үшінші мәселе бойынша, аудандық білім бөлімі басшысы Жанболат Ахметжановтың сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, құқық бұзушылықтарға жол бермеу бағытында атқарылған жұмыстары туралы есебі тыңдалды.
Отырыста білім саласына қатысты қоғам тарапынан айтылып жүрген сын-ескертпелер мен ұсыныстарға ерекше назар аударылды. Аталған мәселелерді назардан тыс қалдырмай, әрбір сынға тиісті деңгейде ден қою, халықпен кері байланысты күшейту және көтерілген мәселелерді заң талаптары аясында шешу қажеттігі атап өтілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу, қызметтік міндеттерді адал әрі жауапкершілікпен орындау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Басты мақсат – халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтып, заңдылық пен ашықтық қағидаттарын берік орнықтыру.




