КЕЗЕКТІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бірінші кезекте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның күн тәртібіне сәйкес екі мәселе, содан соң құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі комиссияда 2 мәселе қаралды.
Алдымен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Семсер Асенов Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің жолын кесу бағытында орындалған жұмыстар туралы баяндаса, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Алмас Оразбеков
«Аудандық бюджеттің жоспарлануы мен атқарылуы барысында және ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдарға, кенттер, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шаралары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің жолын кесу бағытында атқарылған шаралар туралы хабарлама жасады.
Аудан басшысы әрі қарай аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның күн тәртібіндегі мәселеге тоқталды.
- Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында қоғамдағы зорлық- зомбылық деңгейін төмендету үшін жүйелі шаралар қабылдау керектігін айтқан болатын. Сондықтан жұмысты жүйелі түрде жалғастырып, заң аясында мүдделі мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдармен бірлескен шаралар қабылдау қажет. Осыған байланысты «Отбасылық - тұрмыстық қатынастар саласындағы зорлық зомбылықтардың алдын-алу, олардың себептерін анықтау, болдырмау бағытындағы жұмыстар туралы» аудандық полиция бөлімінің бастығы Нұрлан Мерғалиұлы Ибраев пен Отбасын қолдау орталығының директоры Ерзақ Өмірзақұлы Жақсыбеков, сондай ақ, аудандық пробация қызметінің бастығының міндетін атқарушы Ринат Жалғасұлы Серікбай сотталған және жазасын мерзімінен бұрын өтеп келген азаматтарды әлеуметтік бейімдеу шараларының барысы туралы хабарлама жасады.
Мәжілісте қаралған мәселелерге сәйкес аудан әкімі Мажит Самитов сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау себептерін болдырмау, алдын-алу бағытында тиісті шаралардың қабылдануын, қызметшілердің әдептілік нормалары мен мінез - құлық қағидаларының сақталуын қамтамасыз етуге қатысты бірқатар тапсырмалар жүктеді. Осы хаттамалық тапсырмалардың уақытылы және сапалы орындалуын қатаң бақылауға алу қажеттігін тапсырды.