КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін аудан әкімі Мажит Самитовтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері және құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі комиссиялардың бірлескен отырысы өтті.
Жиынға аудан прокуроры Дабыл Аянұлы, аудандық полиция бөлімінің бастығы Нұрлан Мерғалиұлы Ибраев, аудандық мәслихат төрағасы Жарқынбек Ғалымжан, аудандық мекеме басшылары, комиссия мүшелері қатысты.
Күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Бірінші мәселе жер қатынастары саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы атқарылған жұмыстар және жер саласындағы 2024 жылы орын алған құқық бұзушылықтарды қалпына келтіру бойынша атқарылған жұмыстар, сондай-ақ жер учаскелерінің заңды пайдалануы мен ротация ауыспалы егістік тәртібінің сақталу мәселелері туралы Жаңақорған ауданының жер қатынастары мен ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Талғат Зейдалиев баяндама жасады.
Келесі мәселе бойынша аудан көлеміндегі құқық бұзушылық пен қылмыстылықтың жағдайы және оның алдын алу мәселелері жайлы аудандық полиция бөлімінің бастығы Нұрлан Мерғалиұлы Ибраев хабарламасы тыңдалды.
Үшінші мәселе бойынша кәмелет жасына толмағандармен және оларға қарсы жасалған қылмыстардың (топтық төбелес, жыныстық тиіспеушілік және басқалары бойынша) алдын алу, болдырмау бағытында атқарылған жұмыстар жайлы аудандық полиция бөлімінің бастығы Нұрлан Ибраев, Жаңақорған аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Назерке Базарбаева және
Жаңақорған аудандық аграрлы–техникалық колледж директоры Тәттімбет Абдраимов хабарлама жасады.
Аудан басшысы өз сөзінде ауылшаруашылығы мен білім саласында қызмет атқарып жүрген мамандардың адалдығы мен жауапкершілігін арттырудың маңыздылығын атап өтіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту қажеттігін айтты. Сонымен қатар, жемқорлықтың алдын алу мақсатында мемлекеттік органдар мен қоғам арасында өзара іс-қимылды нығайтуға шақырды.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша аудан әкімі сала басшыларына тапсырмалар беріп, тиісті шаралар қабылдау жөнінде шешімдер қабылданды.