№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Дүниежүзілік тазалық күні

Дүниежүзілік тазалық күні


Өткен сенбіде халықаралық экологиялық акция аясында өңірімізде Дүниежүзілік тазалық күні кең көлемде атап өтілді. Туған өңірдің тазалығы мен табиғатына бейжай қарамайтын ауданымыздағы әрбір мекеме қызметкерлері мен белсенді тұрғындар бұл күні бір кісідей жуылды. Көпшіліктің басын қосқан маңызды іс-шараның шымылдығы аудан әкімінің арнайым алғы сөзімен ашылды.

-Өздеріңізге белгілі елімізде мемілекет басшысының бастамасымен таза Қазақстан жалпыұлттық тұжырымдамасы аясында экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған түрлі тазалық акциялары, сенбіліктермен ағаш отырғызу шаралары ұйымдастырылып келеді. Соның ішінде ауданда да біршама бұл бағытта жүйелі жұмыстар бар. Аудан аумағында елді-мекендер де сенбіліктер тұрақты өткізіліп қоғамдық орындар, саябақтар, өзен-көл жағалаулары тазартылуда. Жыл басынан бері тазалық шараларына отыз бес мыңнан астам ерікті тұрғындар қатысып, он бір мыңға жуық ағаш көшеттері отырғызылды. Оған жүз сегізден астам арнайы техникалар жұмылдырылды. Аудан көлемінде абаттандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Жаңақорған кентінде теміржол асты өткелі, жеңіс саябағы жаңартылып төрт жаңа балалалар ойнау алаңы мен Алтынсарин көшесіне жаңа аллея салынды. Облыс әкім қызыметін атқарған кезеңінде Нұрлыбек Машбекұлының қолдауымен Жаңақорған теміржолы вокзалы қайта жаңғыртылып, Хорасан ата көшесі жаңа келбетке сай күрделі жөндеуден өтті. Қосүйеңкі, Қожамберді, Манап ауылдарына жаңа саябақтармен ойын алаңдары салынды. Ақжол ауылына жаңа аллея пайдалануға берілді. Әрине бұл жұмыстын барлығы да туған жеріміздің көркейуіне бағытталғаны белгілі. Сондықтан баршамызды айналамызды таза ұстауға, туған жеріміз Жаңақорғанның әрбір бұрышын гүлдендіріп көркейуіне атсалысуға шақырамын.
Осы тұста айта кетейін, кенттегі сенбілікке жергілікті тұрғындар мен 42 мекеме бойынша 1500-ге жуық адам қатысып, 9 техника жұмылдырылды. Сенбілік барысында қоқыстарды тазарту, шөптерді шабу, талдарды балақтау, әктеу жұмыстары жүргізіліп, 9 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Жалпы алғанда, 25 ауылдық округ және кентегі сенбілік жұмыстарына жергілікті тұрғындар мен 78 мекеме бойынша 2500- ге жуық адам қатысып, 9 тонна қоқыс шығарылды.
Жиыннан соң мекеме ұжымдары арнайы бекітілген аумақтарға бөлініп, тазалық жұмыстарына білек сыбана кірісті. Акция барысында Жаңақорған ауданымыздың айналма жол бөлігі толық қалдықтардан тазартылып, ретке келтірілді.
Нұрайым Төлепберген
21 қыркүйек 2026 ж. 46 0