№11 (8925) 10

10 ақпан 2026 ж.

№10 (8924) 7

07 ақпан 2026 ж.

№9 (8923) 3

03 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » «МАЛ АЗЫҒЫН САТАТЫН КӨШПЕЛІ БАЗАР» АУЛАСЫНА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

«МАЛ АЗЫҒЫН САТАТЫН КӨШПЕЛІ БАЗАР» АУЛАСЫНА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ


«AMANAT» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының ұйымдастыруымен кезекті «Таза бейсенбі» экологиялық іс-шарасы ұйымдастырылды. Тазалық акциясына партияның аудандық филиалдарының қызметкерлері, «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері мен коммуналдық қызметтің жұмысшылары қатысты. Жалпы 30-ға тарта адам жұмылдырылды.
Тұрақты түрде өткізіліп тұратын іс-шара бұл жолы Жаңақорған кенті, Құрманғазы көшесі бойында орналасқан «Мал азығын сататын көшпелі базар» алаңының маңында өтті. Онда табиғат жанашырлары адам көп жүретін аяқжолдарды тазартып, қолайлы орын қалыптастырды.
Партияның «Таза бейсенбі» акциясы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында жүзеге асып келеді. Жобаның негізгі мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, азаматтардың туған жерге деген жанашырлығын арттыру және қоғамда жауапкершілік құндылықтарын нығайту.
Партия төрағасы Арман Мажитов: «Жобаның басталғанына екі жылға жуық уақыт болды. Содан бері Жаңақорған ауданында 100-ге жуық экологиялық акция ұйымдастырылып, нәтижесінде 90 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Сонымен қатар, тазалық шараларына 5 мыңға жуық кент және ауыл тұрғындары белсенді түрде қатысып келеді. Акция аясында көктемгі мезгілдерде ағаш пен гүлдер отырғызылса, қысқы уақытта қоғамдық орындар қар мен мұздан тазартылуда» - деп атап өтті.
«Таза бейсенбі» алдағы уақытта да кент тазалығын сақтауға, тұрғындар арасында экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталған игі бастама ретінде жүйелі түрде жалғасын табады.

#AMANAT
12 ақпан 2026 ж. 67 0