№41 (8855) 3

02 маусым 2025 ж.

№40 (8854) 31

31 мамыр 2025 ж.

№39 (8853) 27

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » ЖАҢАҚОРҒАНДА ЭКОЛОГТАР ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ІС-ШАРА ӨТТІ

ЖАҢАҚОРҒАНДА ЭКОЛОГТАР ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ІС-ШАРА ӨТТІ

Іс-шараның ашылуында аудан әкімі Мажит Самитов сөз алып, Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан “Таза Қазақстан” экологиялық тұжырымдамасының маңыздылығына тоқталып, эколог мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтады.
-Өздеріңіз білетіндей Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы қабылданып, экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған түрлі тазалық акциялары, сенбіліктер мен ағаш отырғызу шаралары ұйымдастырылып жатыр. Соның ішінде біздің ауданда да бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асуда. Аудан аумағындағы елді мекендерде сенбіліктер тұрақты өткізіліп, қоғамдық орындар, саябақтар, өзен-көл жағалаулары тазартылуда. Өзім де бұл бастамалардың бел ортасында жүрмін. Себебі, туған өлкенің тазалығы баршамызға ортақ жауапкершілік. Сондай-ақ, табиғатты қорғау жолында аянбай еңбек етіп жүрген Эколог мамандарды кәсіби мерекелерімен құттықтаймын!
Сіздердің қызметтеріңіз көрінбейтін, бірақ қоғам үшін өте маңызды жұмыс. Табиғатты сақтауда сіздердің үлестеріңіз зор.- деді аудан басшысы.
Сонымен бірге, қоршаған ортаны қорғау ісіне белсене араласып жүрген бірқатар эколог мамандары мен тазалық қызметкерлерін Алғыс хатымен марапаттады.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірсерік Тақырбасов ақ батасын беріп, шараның сәтті өтуіне тілектестігін білдірді.

Аталған тазалық шарасына ардагерлер, ҮЕҰ өкілдері, жастар, ерікті кент тұрғындары мен мекеме ұжымдары белсене атсалысты.
31 мамыр 2025 ж. 99 0