Мәслихаттар сайлауы

Соңғы жаңалықтар

№85 (8998) 10

10 қараша 2026 ж.

№84 (8997) 7

07 қараша 2026 ж.

№83 (8996) 3

03 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ БАҚЫЛАУДА

ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ БАҚЫЛАУДА


Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес аудан әкімі Жарқынбек Ғалымжан соңғы жылдары мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен салынып, пайдалануға берілген әлеуметтік нысандардың жай-күйін зерделеді.


Зерделеу барысында «Қыркеңсе» ауылдық округіндегі дәрігерлік амбулатория, «Жаңарық» ауылдық округіндегі №167 «Келешек» мектебі, Жаңақорған кентіндегі Өнер мектебі мен Оқушылар үйі және басқа да әлеуметтік нысандардың жағдайы қаралды.

Жекелеген нысандарда ғимараттар мен ішкі бөлмелерді күтіп-ұстауға қатысты кемшіліктер анықталып, оларды шұғыл жою жөнінде жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берілді.

Басты талап – сапа. Мемлекеттік қаржыға салынған әрбір нысан ел игілігіне қызмет етіп, ұзақ жылдар бойы талапқа сай пайдаланылуы тиіс.
20 қыркүйек 2026 ж. 184 0