№82 (8995) 29

29 қазан 2026 ж.

№81 (8994) 24

24 қазан 2026 ж.

№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » ТАЛАП СТАНЦИЯСЫНЫҢ ЖОЛАУШЫЛАР ПЛАТФОРМАСЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ

ТАЛАП СТАНЦИЯСЫНЫҢ ЖОЛАУШЫЛАР ПЛАТФОРМАСЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ


Бүгін аудан әкімі Жарқынбек Ғалымжан Манап ауылдық округіндегі Талап станциясындағы қайта жаңғыртудан өткен жолаушылар платформасының жағдайымен танысты.

Айта кетейік, облыс әкімдігінің қолдауымен 2025 жылдың мамыр айында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Дәнекер» ЖШС арасында келісімшарт жасалып, Жаңақорған кентіндегі вокзал ғимараты мен Талап станциясының перронын қайта жаңғырту жұмыстары басталған болатын.
Бүгінде жөндеу жұмыстары толық аяқталып, жаңартылған нысан тұрғындардың игілігіне пайдалануға берілді.
Аудан әкімі нысанның тазалығын тұрақты бақылауда ұстап, аумағын абаттандыру және жолаушыларға қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.
27 тамыз 2026 ж. 235 0