Құрылтай

№58 (8972) 4

04 тамыз 2026 ж.

№57 (8971) 1

01 тамыз 2026 ж.

№56 (8970) 28

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ


Аудан әкімі Мажит Самитов Жаңарық және Қыркеңсе ауылдық округінде салынып жатқан құрылыс нысандарын аралады.

Алдымен аудан басшысы Жаңарық ауылдық округінде бой көтерген 300 орындық "Жайлы мектеп" құрылысына барды.
Әрi қарай Қыркеңсе ауылдық округіндегі дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жұмыстарымен танысып, сапаның басты назарда болуы керектігін айтты. Аталған екі әлеуметтік нысан жақын арада пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Аудан әкімі Мажит Самитов құрылысқа жауапты тұлғаларға қыс мезгілінде құрылыс сапасына мән беруді, жұмысшылар жалақысын уақытылы төлеуді және нысандардағы жұмысты мерзiмiнде аяқтауды тапсырды.
22 қараша 2024 ж. 441 0