«ӨНЕРМЕН ӨРІЛГЕН ЖҮРЕК»

Қызылорда қаласындағы «Оңалту» орталығында Жаңақорған ауданы өнерпаздарының «Өнермен өрілген жүрек» атты концерттік бағдарламасы ұйымдастырылды.
Көңілге қуат, жүрекке жылу сыйлаған мәдени шара барысында ем алушыларға әуезді әндер мен көңілді әзілдер ұсынылып, көтеріңкі көңіл күй сыйланды.
Аталған кеште «Жаңаша» халықтық әзіл-сықақ атауы, «Қаратау қазынасы» халықтық фольклорлық ансамблі де өнер көрсетті.
Өнердің адам көңілін жақындатар құдіреті осы кеште тағы бір мәрте көрініс тапқандай.
Кеш соңында оңалту орталығының басшылығы өнер көрсеткен жаңақорғандық өнерпаздарға ризашылығын білдіріп, «Алғыс» хат табыстады. Сондай-ақ, ақсақалдар ақ батасын беріп, ізгі тілектерін арнады. Ақ бата мен ақжарма тілектерге ұласқан кеш өнер мен ізгіліктің, адамға деген құрмет пен жан жылуының жарасымды көрінісіне айналды.




