Топ-баннер

Соңғы жаңалықтар

№13 (8927) 17

17 ақпан 2026 ж.

№12 (8926) 14

14 ақпан 2026 ж.

№11 (8925) 10

10 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Күлкі витамин көңілді көтерер

Күлкі витамин көңілді көтерер

Жаңақорған аудандық мәдениет үйіне қарасты «Жаңаша» халықтық әзіл-сықақ отауының «Тау самалы» тынығу лагерінде «Жазғы Жаңаша» атты шығармашылық кеші өтті.
Тау бөктеріндегі тұмса табиғат аясында орналасқан лагерьге тынығушылар тебipентер ән мен тамаша әзілдердің куәсі болды.
Талантын өнермен ұштастырған театр әртістерінің шеберлігі, сахна мәдениетін сақтаудағы біліктіліктері, өздеріне берілген кейіпкердің портретін аша білуі, сондай-ақ сахнаны әсем әнмен тербеуі жас көрермендердің өнерге деген қызығушылығы мен құрметін арттыра түскендей болды.
Кеш соңында көрермен көзайымына айналып үлгерген театрға тынығушылар өз лебіздерін білдірді.
Жаңа бағдарлама бойынша өнер көрсеткен театр мүшелері жас көрермендердің ыстық ықыласын алып, жiгерлi көңiл-күймен қоштасты.
02 тамыз 2024 ж. 440 0