№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (8982) 8

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » ӘКІМДІК МӘЖІЛІСІНДЕ БІРҚАТАР ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

ӘКІМДІК МӘЖІЛІСІНДЕ БІРҚАТАР ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ


Бүгін Үкімет отырысы және облыс әкімінің төрағалығымен өткен мәжілістен кейін аудан әкімі Ғалымжан Жарқынбектің төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті.


Жиында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында елді мекендердің санитарлық тазалығын сақтау және абаттандыру жұмыстарын жүйелі жүргізу мәселесі қаралды. Бұл бағытта жауапты сала басшыларына елді мекендердегі тазалық жұмыстарын тұрақты ұйымдастыру міндеттелді.

Сонымен қатар мәжілісте ауданның салық базасын кеңейту және оның орындалу барысы талқыланды. Осы бағыттағы жұмыстарды күшейтіп, салық түсімдерін арттыру және аудан бюджетінің кіріс бөлігінің белгіленген көрсеткіштерге сәйкес орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды.

Мәжіліс қорытындысымен аудан әкімі аталған бағыттардағы тапсырмалардың сапалы әрі белгіленген мерзімде орындалуы қатаң бақылауда болатынын ескертті.
15 қыркүйек 2026 ж. 169 0