Құрылтай

№52 (8966) 14

14 шілде 2026 ж.

№51 (8965) 9

09 шілде 2026 ж.

№50 (8964) 4

04 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » АУДАНДА ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК - ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

АУДАНДА ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК - ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ


Бүгін Үкімет отырысынан кейін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте 2026 жылдың қаңтар - маусым айларындағы әлеуметтік - экономикалық даму көрсеткіштері және республикалық бюджеттің орындалуы қаралды. Аталған жиыннан кейін аудан әкімі Ғалымжан Жарқынбектің төрағалығымен аппараттық мәжіліс өткізіліп, аталған бағыттағы жұмыстар пысықталды.


Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ауданның негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері толық орындалған. Дегенмен инвестиция тарту және құрылыс саласы бойынша биылғы жылға жоспарланған көрсеткіштердің толық орындалуын қамтамасыз ету мақсатында аталған бағыттардағы жұмыстарға ай сайын жан-жақты талдау жүргізіп, туындаған мәселелерді дер кезінде шешу арқылы белгіленген межелерге қол жеткізу тапсырылды.

Одан соң елді мекендердің бас жоспарлары қаралды. Аудан аумағында салынып жатқан және алдағы уақытта жүзеге асырылатын нысандарды ескере отырып, бас жоспар жобаларын жедел аяқтап, 1 қарашаға дейін мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алу міндеті жүктелді.

Сонымен қатар мәжілісте 4–5 шілде күндері елді мекендерде санитарлық тазалық пен абаттандыру қағидаларының сақталуына жүргізілген зерделеу жұмыстарының қорытындысы және берілген тапсырмалардың орындалу барысы қаралды. Анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі тапсырмаларды уақытылы орындамаған кент және ауылдық округ әкімдеріне қатаң ескерту жасалып, кемшіліктерді қысқа мерзімде толық жою міндеттелді.

Жиын қорытындысында жауапты мекеме басшыларына аталған мәселелер бойынша нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы тұрақты бақылауда болатыны ескертілді.
15 шілде 2026 ж. 1 144 0