№68 (8982) 8

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » АУДАНДА ЖҰМЫСШЫ КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

АУДАНДА ЖҰМЫСШЫ КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ


Бүгін Үкімет отырысынан кейін облыс әкімінің төрағалығымен мәжіліс өтіп, онда «Жұмысшы кәсіптері бойынша кадр даярлаудың жаңа тәсілдері туралы» мәселе қаралды.


Жиында көтерілген міндеттерге сәйкес аудан әкімі Жарқынбек Ғалымжан жауапты сала басшыларына бірқатар нақты тапсырма берді.

Қазіргі таңда аудандағы аграрлық-техникалық колледжде жұмысшы кадрларды даярлау бағытында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Колледж бен ірі өндіріс орындары арасында кәсіпорындардың қажеттілігіне сай мамандар даярлау және қысқа мерзімді оқыту курстарын ұйымдастыру бойынша келісімдер жасалған.

Аудан әкімі еңбек нарығындағы нақты сұранысты зерделеп, жұмыс берушілердің қажеттілігіне сәйкес білікті мамандар даярлау жұмыстарын күшейтудің маңыздылығын атап өтті.
- «Еңбек нарығының сұранысына сай білікті жұмысшы мамандарды даярлау – маңызды міндет. Осыған орай колледждер мен жұмыс берушілер арасындағы байланысты күшейтіп, қажетті мамандықтар бойынша қысқа мерзімді оқыту курстарын ұйымдастыруды және бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруды тапсырамын», – деді аудан әкімі.

Сонымен қатар мәжіліс барысында күн тәртібінен тыс ауданның эпизоотиялық ахуалы, бюджет кірістерінің орындалуы және тарихи - мәдени мұра нысандарының құжаттарын әзірлеу мәселелері қаралды.
Аталған бағыттар бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуын қамтамасыз ету міндеттелді.
09 қыркүйек 2026 ж. 39 0