АНАҒА ҚҰРМЕТ – ОТБАСЫҒА ҚОЛДАУ

Отбасы күні – әр шаңырақтың қадірін сезіндіретін, ананың мейірімі мен отбасы жылуының маңызын айшықтайтын ерекше мереке.Осы айтулы күн қарсаңында «Әділет» партиясы Жаңақорған аудандық филиалы жанындағы «Әйелдер қанаты» жүрекке жылу сыйлайтын игі бастама көтеріп, көпбалалы отбасылардың шаңырағына арнайы барды.
Басты мақсат – сый-сияпат жасау ғана емес, аналардың халін сұрап, қуанышына ортақтасып, қажет кезінде жанынан табылу. Отбасылармен ашық әңгімелесіп, олардың ұсыныс-тілектеріне құлақ түрілді. Мерекелік көңіл-күй сыйлау ниетімен азық-түлік себеттері табысталды.
Көпбалалы ана – бір отбасының ғана емес, тұтас қоғамның тәрбиесіне үлес қосып отырған аяулы жан. Сондықтан олардың еңбегін бағалау, тұрмысына назар аудару, қиындықта қолдау көрсету – үлкен адамгершіліктің белгісі.
«Әділет» партиясы үшін отбасы – қоғамның өзегі, ана – отбасының берекесі. Осындай қарапайым, бірақ мәні терең кездесулер арқылы адамдардың жанынан табылып, мейірім мен өзара қолдауды көбейту – ортақ мақсат.
Жақсылық алыстан ізделмейді. Кейде бір ауыз жылы сөздің өзі адамның көңіліне демеу болады. Ал шынайы қолдау – жүректе ұзақ сақталатын ізгілік.
#ӘділетПартиясы
#ӘйелдерҚанаты
#ОтбасыКүні
#Жаңақорған




