№68 (8982) 8

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » «Ауылдың жарқын болашағы – білімді әрі белсенді жастардың қолында!»

«Ауылдың жарқын болашағы – білімді әрі белсенді жастардың қолында!»


Әділет партиясы Жаңақорған аудандық филиалына қарасты «Жалынды жастар» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен жастармен кездесу өтті. Ауылдың әлеуетін арттырып, туған жердің дамуына серпін беретін негізгі күш – білімге ұмтылған, өзіне сенімді, белсенді жастар. Осы мақсатта«Руханият» орталығында аудан жастарының басын қосқан әрі жастарды жiгерлендiретiн кездесу өтті.

Кездесудің басты мақсаты – жастарға жаңа бағыт-бағдар беріп, өз мүмкіндігін дұрыс бағалауға, мақсат қойып, сол мақсатқа табандылықпен жетуге ынталандыру.
Кездесуге аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры Наурызбай Орынбасаров жүргізіп, жастармен ашық әрі еркін форматта байланыс орнатты. Еркін пікір алмасу, қызықты сұрақтар мен өмірлік тәжірибеге негізделген әңгіме жастардың белсенділігін арттырып, кездесуді ерекше мазмұнға бөледі.
Жастарға жай ғана кеңес айтылып қана қоймай, «Мен кіммін?», «Менің мақсатым қандай?», «Ауылдың дамуына қандай үлес қоса аламын?» деген маңызды сауалдарға ой жүгіртуге мүмкіндік берілді.
Бүгінгі ауыл жастары – ертеңгі елдің тірегі. Өз ауылына жанашыр, білімге құштар, жаңашыл ойлайтын әрбір жас – туған жердің дамуына қосылған үлкен үлес.
Ауылдың болашағы алыстан келмейді. Ол – бүгінгі жастардың қолында!
09 қыркүйек 2026 ж. 27 0