Топ-баннер

№17 (8931) 3

03 наурыз 2026 ж.

№16 (8930) 28

28 ақпан 2026 ж.

№15 (8929) 24

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖАСТАР ҚОЛДАУЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ

ЖАСТАР ҚОЛДАУЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ



Қай кезде де жастар елдің болашақ үміті. Бүгінде елімізде орын алып саяси өзгеріске жастардың үлесі орасан. Осы мақсатта, ауданындық жас кәсіпкерлермен кездесу өтті. Аудандық коалиция мүшелері Наурызбай Орынбасаров пен Нұрмұқасан Әуесқан қатысқан бұл шара жастарға Жаңа Конституция жобасының мәні мен маңызын толық түсіндіруге арналды.
Кездесу барысында Конституцияға енгізілетін өзгерістердің ел дамуына, қоғамдағы тұрақтылыққа және кәсіпкерліктің өркендеуіне қосатын үлесі сөз болды. Жас кәсіпкерлер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасу алаңында өз ойларын ортаға салды.
Коалиция мүшелері әр азамат ел болашағына бей-жай қарамай, маңызды саяси шешімдерге белсенді қатысу керектігін ерекше атап өтті. Мұндай кездесулер тек түсіндіру жұмысын күшейтіп қана қоймай, жастардың азаматтық белсенділігін арттырады және ел тағдырына қатысты саналы таңдауға үндейді.
Қоғамдағы бірлік пен ынтымақ – жарқын болашақтың кепілі. Әрбір жас кәсіпкердің пікірі мен белсенділігі елдің келешегіне тікелей әсер етеді.

#СаналыТаңдау
#ЕлБолашағы
#Референдум2026
#ЖаңаКонституция
#АтаЗаң
#15Наурыз
05 наурыз 2026 ж. 62 0