№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » ЖАСТАРМЕН ҚҰРЫЛТАЙДЫҢ МАҢЫЗЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЖАСТАРМЕН ҚҰРЫЛТАЙДЫҢ МАҢЫЗЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ


Бүгін «Руханият» орталығында аудан жастарымен ашық кездесу өтті.
Басқосуға аудандық ақпараттық-үгіт штабының мүшесі, Жастар ресурстық орталығының директоры Наурызбай Орынбасаров қатысып, Құрылтайдың қоғам өміріндегі маңызына тоқталды. Сондай-ақ жастарды 23 тамыз күні өтетін Құрылтай сайлауына белсенді қатысып, азаматтық ұстанымдарын білдіруге шақырды.

Кездесу барысында жастар өздерін толғандырған өзекті мәселелерді ашық айтып, түрлі ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салды. Еркін форматта өткен кездесу өзара пікір алмасуға, жастардың қоғамдық белсенділігін арттыруға және ел болашағына қатысты маңызды мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.
28 шілде 2026 ж. 164 0