Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 533

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » «Жастарға жұмыс» жобасы аясында жастармен еркін форматта кездесу

«Жастарға жұмыс» жобасы аясында жастармен еркін форматта кездесу

«AMANAT» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Жастарға жұмыс» жобасы аясында жастармен еркін форматта кездесу өтті.
Шараға аудандық партия филиалың төрамасы Арман Мажитов және аудан жастары қатысты. Іс-шара барысында қатысушылар жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, кәсіптік бағдар, мемлекеттік қолдау шаралары және жеке кәсібін бастау жолдары туралы кеңінен пікір алмасты.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, жастар өз ойларын ортаға салып, көкейдегі сұрақтарына жауап алды. Сонымен қатар, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар мен жаңа мүмкіндіктер жөнінде ақпарат берілді.
Мұндай басқосулардың басты мақсаты – жастардың ұсыныстарын тыңдау, жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін талқылау және жобаның тиімділігін арттыру, жастардың белсенділігін арттыру, олардың жұмысқа орналасуына қолдау көрсету және болашақ жоспарларын айқындауға бағыт-бағдар беру.
10 ақпан 2026 ж. 113 0