Мәслихаттар сайлауы

Соңғы жаңалықтар

№85 (8998) 10

10 қараша 2026 ж.

№84 (8997) 7

07 қараша 2026 ж.

№83 (8996) 3

03 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ


Биыл Семей ядролық полигонының жабылғанына 35 жыл толып отыр. Осыған орай аудан әкімі Жарқынбек Ғалымжан Семей сынақ полигонында әскери борышын өтеген ардагерлерді қабылдап, оларға құрмет көрсетті.

Қабылдау барысында аудан басшысы ардагерлерге алғысын білдіріп, олардың елге сіңірген еңбегін атап өтті.

Сондай-ақ ауданның жоғары марапаттарының бірі – Құрмет грамотасын табыстады.

Қабылдауға «Невада-Семей» қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалының төрағасы Жұмабаев Шраздин және Семей сынақ полигонының ардагері Мұстафа Жұманқожаев қатысып, көрсетілген құрмет пен жылы лебіз үшін ризашылықтарын білдірді.

Ардагерлердің ерлігі мен өнегесі кейінгі ұрпаққа әрдайым үлгі болып қала береді.
31 тамыз 2026 ж. 269 0