» » ЯДРОЛЫҚ ҚАРУСЫЗ ӘЛЕМ

ЯДРОЛЫҚ ҚАРУСЫЗ ӘЛЕМ

Биыл Семей полигонының жабылғанына 32 жыл толды. Талайлы тарихты бастан кешкен еліміз үшін Семей қасіреті XX ғасырдың жазылмас шері болып тарихта қалды. Қасірет пен қатыгездік салдарына куә болған, уақыт өткен сайын апаттың ауыр салмағын арқалаған ардагерлердің қадір-қасиеті артып келеді.

Жаңақорған ауданының жұртшылығы «Тағзым» алаңында Семей полигонының құрбандарын еске алу үшін салтанатты шарада бас қосты. Семей ядролық құрбандарын еске алуға арналған обелиск алдында қолына гүл шоқтары мен тағзым гүлдерін ұстаған жастардың жүзінде құрметтің лебі сезіледі. Көкірегіне орден таққан ардагер ағалар төрге жайғасып, шежірелі тарихтың құндылығын сөз етті. Шараға ядролық сынақ полигонын жоюға атсалысқан жаңақорғандық ардагерлер мен кент тұрғындары қатысты. Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов: – Жан түршігерлік алапатқа тоқтау қойған қаулы егемен ел ретінде Қазақстанның алғашқы қабылдаған тарихи шешімдерінің бірі болды. Зұлмат күндер құрбаны болған әруақтар рухына тағзым етеміз», – деді. ЯДРОЛЫҚ ҚАРУСЫЗ ӘЛЕМ Биыл Семей полигонының жабылғанына 32 жыл толды. Талайлы тарихты бастан кешкен еліміз үшін Семей қасіреті XX ғасырдың жазылмас шері болып тарихта қалды. Қасірет пен қатыгездік салдарына куә болған, уақыт өткен сайын апаттың ауыр салмағын арқалаған ардагерлердің қадір-қасиеті артып келеді. Аудандық «Семей сынақ полигонына қатысушы ардагерлер» қоғамдық кеңесінің төрағасы Шраздін Жұмабаев ауыр күндерді еске алып: – Семей облысында 500-ге жуық сынақ өтті. Оның салдары бүкіл жер ананың бүлінуіне, адамзат пен жануарлар әлемінің қатерлі ауруларының өсуіне, өсімдіктердің жойылуына өте қатты әсерін берді. Оның салдары әлі толық жойылған жоқ. Тұқым қуалайтын түрлі аурулар пайда болды. Міне, біз өскелең ұрпақ үшін, еліміздің болашағы үшін осы апатты ауыздықтауға күш біріктірдік. Қаншама азамат жап-жас қалпында өмірден озды. Біразы мүгедек болып оралды. Біздің құрметімізге жыл сайын салтанатты шара өткізіп, елеп-ескеріп жатқан жерлестерге, аудандық әкімдікке ардагерлер атынан алғыс айтамыз, – деді ол. Семей полигонының жабылғанына 32 жыл толуына орай монумент алдына гүл шоқтары қойылып, ядролық жарылыс салдарын жоюға қатысқан ардагерлерді бір сәттік үнсіздікпен еске алып, рухына құран бағышталды. Айта кету керек, еліміздің тарихында – Семей ядролық сынақ полигонында 450-ден астам ядролық сынақтар өткізіліп, қаншама азаматтар зардап шекті. Біздің ауданымыздың 170 азаматы халқымыздың басына ауыр күн туған кезеңде өз денсаулықтары мен өмірлеріне қауіп төндірген Семей ядролық сынақ алаңында азаматтық борыштарын өтеді. Өкінішке орай 120-ға жуық ардагерлеріміз арамызда жоқ. Шара соңында ядролық сынақ полигоныны ардагерлеріне арнайы сыйсияпат табысталды. Мақпал МАРҚАБАЙ
31 тамыз 2023 ж. 1 281 0