ҰСТАЗДАРМЕН ТАНЫМДЫҚ ІС-ШАРА ӨТТІ

Бүгін Жаңақорған кентіндегі №293 орта мектебінде «Әділетті қоғам: құндылық, тәртіп, жауапкершілік» атты мектеп ұжымының қатысуымен танымдық іс-шара өтті.
Шараға аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов қатысып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан маңызды қоғамдық құндылықтарға тоқталды.
Кездесу барысында «Адал азамат», «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан» қағидаларының мәні түсіндіріліп, бұл ұстанымдарды әр азаматтың күнделікті өмір салтына айналдырудың маңыздылығы айтылды.
Әсіресе, өскелең ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі ұстаздардың рөліне ерекше мән берілді. Адалдықты, жауапкершілікті, заңға құрметті және елге жанашырлықты бала бойына сіңіру – баршамызға ортақ міндет екені атап өтілді.
Сонымен қатар, 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауына тоқталып, әр азаматты өзінің конституциялық құқығын пайдаланып, ел болашағына қатысты маңызды таңдау жасауға белсенді қатысуға шақырды.
Кездесу соңында аудан өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйланды.




