Құрылтай

Соңғы жаңалықтар

№62 (8976) 18

18 тамыз 2026 ж.

№61 (8975) 15

15 тамыз 2026 ж.

№60 (8974) 11

11 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » «Халық Құрылтайы – Бірлік алаңы» мәдени-көпшілік шарасы өтті

«Халық Құрылтайы – Бірлік алаңы» мәдени-көпшілік шарасы өтті



Бүгін Жаңақорған ауданындағы «Prime Park» демалыс орнында «Халық Құрылтайы – Бірлік алаңы» атты мәдени-көпшілік шара өтті.

Шара еліміздің қоғамдық өміріндегі маңызды бастама – 23 тамыз күні өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауына орай ұйымдастырылды. Басқосудың негізгі мақсаты – ел бірлігін, қоғамдық келісімді, азаматтық жауапкершілік пен белсенділіктің маңызын насихаттау.

Іс-шара барысында Құрылтайдың халқымыздың дәстүрлі кеңесу мәдениетімен сабақтасатын маңызды қоғамдық институт екені айтылып, ел өміріндегі саяси үдерістерге әр азаматтың саналы түрде қатысуының маңызы атап өтілді.

Шараның мәдени бөлімінде Жаңақорған ауданының өнерпаздары өнер көрсетіп, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Аудан өнерпаздары Құрылтай тақырыбына арналған өлең-жырларын оқып, ел бірлігі, ынтымақ, татулық пен туған жерді дәріптейтін шығармаларын орындады. Сонымен қатар концерттік бағдарлама ұсынылып, ән мен жырдан шашу шашылды.

Мәдени-көпшілік шара барысында ұлттық құндылықтар дәріптеліп, өнер арқылы елдік пен бірліктің маңызы кеңінен насихатталды.

Шара соңында тұрғындар мен қонақтарға 23 тамыз күні өтетін сайлауға белсенді қатысып, өз азаматтық таңдауын жасауға шақырылды.
19 тамыз 2026 ж. 40 0