№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

№78 (8991) 13

13 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ КӨРІСУ КҮНІНЕН БАСТАУ АЛДЫ

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ КӨРІСУ КҮНІНЕН БАСТАУ АЛДЫ



«Руханият» орталығының алаңында
14 наурыз – «Көрісу» күніне арналған мәдени шара ұйымдастырылды. Аудандық мәдениет үйі өнерпаздары дайындаған театрландырылған көрініс көпшілік назарына ұсынылып, «Жақсыгүл» әжелер ансамблі мен аудан өнерпаздары ән-жырдан шашу шашты. Орталық алаңда киіз үйлер тігіліп, «Алтыбақан» орнатылды. Ұлттық салт-дәстүрлерден көріністер көрсетіліп, қолөнер шеберлерінің көрмесі көпшілік назарына ұсынылды.

Еңбек пен ырыстың, ізгілік пен жақсылықтың жарқын мерекесі саналар Ұлыстың ұлы күні – «Наурыз» мерекесі осылай бастау алды.
Береке-бірліктің, ырыс-ынтымақтың мерекесі – «Көрісу» күні құтты болсын!
Шаңырақтарыңыз шаттық пен қуанышқа, әрбір жасаған істеріңізге береке, жақындарыңызға амандық тілейміз! Жақсы адамдармен көрісіп, жақсы амалдармен бөлісіп жүрейік!
14 наурыз 2025 ж. 444 0