№77 (8990) 10

10 қазан 2026 ж.

№76 (8989) 6

06 қазан 2026 ж.

№75 (8988) 3

03 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » «Жазғы DRIVE» – жаздың жарқын әуені

«Жазғы DRIVE» – жаздың жарқын әуені



 «Аспан Fest» жобасы аясында «Prime Park» орталық саябағында өтетін «Жазғы DRIVE» атты мәдени-көпшілік кеш Өзгент, Байкенже және Алмалық ауылдық клубтарының ұйымдастыруымен көпшілік көрерменге ұсынылды.

Кеш барысында ұлттық өнер мен заманауи әуен үндесіп, өнерпаздар халық әндері мен заманауи музыкалық шығармаларды орындады. Сондай-ақ әсерлі билер, көркем сахналық көріністер мен көңілді қойылымдар көрермендерге ерекше әсер сыйлап, жазғы кештің шырайын аша түсті.

Өнерлі жастардың жарқын өнері мен шығармашылық белсенділігі көпшіліктің ыстық ықыласына бөленіп, кешке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Бағдарлама аясында түрлі қызықты ойындар мен интерактивті шаралар ұйымдастырылып, белсенділік танытқан қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталды.

Мәдени кеш қала және ауыл тұрғындарының басын қосып, өнер мен бірліктің, достық пен көтеріңкі көңіл күйдің жарқын үлгісіне айналды. Осындай мазмұнды шаралар тұрғындардың рухани өмірін байытып, ұлттық мәдениетке деген қызығушылықты арттыруға өз үлесін қосуда.

«Аспан Fest» жобасы аясындағы «Жазғы DRIVE» кеші алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, көрермендерге жаңа әсер мен әсем сәттер сыйлай бермек.

✨ Сіздерді көтеріңкі көңіл күй мен ұмытылмас әсер күтіп тұр!
10 тамыз 2026 ж. 196 0