№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Қармақшыда Конституция жобасы кітапхана қызметкерлерімен талқыланды

Қармақшыда Конституция жобасы кітапхана қызметкерлерімен талқыланды


Бүгін Қармақшы ауданында ақпараттық - насихаттық жұмыстар аясында «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясы мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаты Руслан Рүстемов кітапхана қызметкерлері және оқырмандармен кездесті. Жиын ашық форматта өтіп, қатысушылар пікір алмасуға мүмкіндік алды.
Кездесу барысында елдегі қоғамдық-саяси өзгерістер, Конституцияның қоғам өміріндегі рөлі және ұсынылып отырған бастамалардың мазмұны талқыланды. Руслан Рүстемов өз сөзінде құқықтарды қорғау, ашықтық және әділдік қағидаттарының маңызына тоқталды. Ол Конституцияны жай құжат емес, халықтың мүддесін қорғайтын негізгі тірек,- деп атап өтті.
Кітапхана саласының мамандары мәдениет пен білім беру бағытындағы өзекті мәселелерді көтеріп, рухани құндылықтарды сақтау және оқырман мәдениетін дамыту жөнінде ұсыныстарын білдірді.
Іс-шараға аумақтық коалиция төрағасы Әділ Қошалақов, коалиция мүшелері Орынбасар Төлепов, Ерболат Ұзақбаев және Дәулет Қанатбай қатысып, Конституция жобасына қатысты ақпарат берді.
Кездесу қорытындысында қатысушылар қоғам дамуына қатысты пікір алмасып, өзара ынтымақтастықтың маңызын атап өтті.
25 ақпан 2026 ж. 1 139 0