№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

№78 (8991) 13

13 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Құрылтай депутаттарының сайлауы: Партияларды тіркеу аяқталды.

Құрылтай депутаттарының сайлауы: Партияларды тіркеу аяқталды.


Құрылтай депутаттарының сайлауы: Партияларды тіркеу аяқталды. Орталық сайлау комиссиясы елімізде тұңғыш рет өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысатын барлық 7 партияны тіркеді
.
Саяси науқанды өткізуге жауапты орган ұсынылған 545 кандидаттың барлығы Конституция мен «Сайлау туралы» заң талаптарына сай екенін мәлімдеді. Тіркеу нәтижесі мынадай: «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясынан – 63, «Ауыл» партиясынан – 69, «Әділет» партиясынан – 186, «Байтақ» жасылдар партиясынан – 47, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан – 33, Қазақстан халық партиясынан – 72 және «Respublica» партиясынан – 75 үміткер. Енді бейсенбі, яғни 23 шілде сағат 18:01-ден бастап партиялар үгіт-насихат жұмыстарына кіріседі. Олар өңірлерді аралап, өздерінің сайлауалды бағдарламасын таныстырады. Науқан тамыздың 21-інен 22-сіне қараған түні сағат 00:00-де аяқталады. 22 тамыз – тыныштық күні. Сайлау 23 тамызда өтеді. Депутаттар толықтай пропорционалды жүйе бойынша сайланады. Электораттың 5 пайыздан астам дауысына ие болған саяси ұйымдар Құрылтайға өтеді. Бірпалаталы жоғары заң шығарушы орган 145 депутаттан жасақталады. Депутаттар 5 жыл мерзімге сайланады.
24 шілде 2026 ж. 250 0