№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

№78 (8991) 13

13 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » ТАЗАЛЫҚ – ОРТАҚ ІС

ТАЗАЛЫҚ – ОРТАҚ ІС


1 шілдеден бастап Қазақстанда абаттандыру қағидалары өзгерді. Енді жеке үй мен коммерциялық нысан иелері өз аумағынан бөлек, үйінен 5 метрге дейінгі іргелес аумақтың тазалығына да жауап береді.

Не өзгерді?
- 5 метрлік іргелес аумақ заңмен нақты бекітілді.
- Қоқыс, арамшөп, қар мен мұзды тазалау міндетті.
- Қоршау сыртында құрылыс материалдарын, отын, тыңайтқыш, тіркеме немесе көлікті ұзақ уақыт қалдыруға болмайды.
- Үйдің нөмірлік белгісі болуы, қасбет пен қоршау күтімді болуы тиіс.
- Құрылыс қоқысын тек арнайы орындарға шығару қажет.

Айыппұлдар:
- Абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін –
20 АЕК (86 500 теңге) бастап.
- Ортақ аумақты ластағаны үшін – 10 АЕК (43 250 теңге) немесе қоғамдық жұмыс.
- Қайталанса, жаза күшейеді.

Хаттаманы енді полициямен қатар кент, ауылдық округі әкімдігінің қызметкерлері де толтыра алады.
24 шілде 2026 ж. 178 0