Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 529

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Қызылордада жаңа әуежай және оған іргелес аумақ абаттандырылуда

Қызылордада жаңа әуежай және оған іргелес аумақ абаттандырылуда

Қызылорда қаласында Болат Өтемұратовтың қорынан бөлінген қаржыға «Қорқыт ата» әуежайдың жаңа терминалының құрылысы жүргізіліп жатыр. Нысан таяуда ел игілігіне табысталады деп жоспарлануда. Бүгінде аталған ғимарат аумағына абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Қызылорда қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өткен жылы осы терминал жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға барлық инженерлік жүйелермен қамтылды. Ал, биыл әуежайдың аумағы және оған іргелес аумақ абаттандырылуда. Көгалдандыру жұмыстарын бастап, кіреберіс жолы да салынуда.
Атап айтқанда, «Қызылорда қаласындағы Қорқыт Ата әуежайының аумағын абаттандыру. Түзеу» жобасы бойынша аумаққа 615 шаршы метр гранит жабыны, 16,2 шаршы метр асфальт, 4038 шаршы метр кеспе тас және 3630 шаршы метр қиыршық тас төселуде. Бұдан бөлек, «Қызылорда қаласындағы әуежайдың іргелес аумағын абаттандыру құрылысы» жобасы бойынша 4 жолақты, ұзындығы 480 метр, әр жолақтың ені 3,5 метр болатын жол салынуда.
Аталған жобаларды жүзеге асыруға жарияланған мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпаздары «Сәт-Сервис» пен «Иман» ЖШС құрылысқа жоғары сапалы материалдарды пайдалануда.
08 мамыр 2024 ж. 465 0