№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Байкенже ауылдық округінде абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізудің жаңа талаптары жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Байкенже ауылдық округінде абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізудің жаңа талаптары жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.


Байкенже ауылдық округінде 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енген елді мекендерде абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізудің жаңа талаптары жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.


Осы мақсатта ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары, жергілікті қоғамдастық мүшелері және учаскелік полиция инспекторы бар арнайы топ рейд жұмыстарын жүргізіп, елді мекен тұрғындарына жаңа ереженің талаптарын түсіндірді. Сонымен қатар ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары Байкенже және Билібай ауылдарының көшелерін аралап, 230 үйге ескерту хаттарын таратты.

Осындай түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде ауыл тұрғындары да «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қолдау білдіріп, аулаларының ішін, қораның сыртындағы 5 метрге дейінгі көше аумағын қоқыстан тазалау және шөбін шабу жұмыстарын жүргізуде.
15 шілде 2026 ж. 188 0