№82 (8995) 29

29 қазан 2026 ж.

№81 (8994) 24

24 қазан 2026 ж.

№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » 1 ШІЛДЕДЕН БАСТАП АБАТТАНДЫРУДЫҢ ЖАҢА ҚАҒИДАЛАРЫ КҮШІНЕ ЕНДІ

1 ШІЛДЕДЕН БАСТАП АБАТТАНДЫРУДЫҢ ЖАҢА ҚАҒИДАЛАРЫ КҮШІНЕ ЕНДІ



2026 жылғы 1 шілдеден бастап елді мекендерді абаттандырудың жаңартылған қағидалары қолданысқа енгізілді.
Жаңа талаптарға сәйкес, жеке тұрғын үй иелері өз үйлеріне іргелес аумақтың тазалығын қамтамасыз етуге міндетті. Үй маңында қоқыс, құрылыс қалдықтары, қураған шөп, арамшөп және ұзақ уақыт сақталған заттардың жиналуына жол берілмеуі тиіс. Құқық бұзушылық анықталған жағдайда жауапкершілік қолданыстағы заңнамаға сәйкес қаралады.

Назар аударыңыз!

Әлеуметтік желілерде тараған «әр үйдің дәл
5 метр аумағы тазаланбаса, міндетті түрде айыппұл салынады» деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Қолданысқа енгізілген қағидаларда мұндай нақты талап көрсетілмеген. Негізгі міндет – үйге іргелес аумақты таза ұстап, қоқыс пен қажетсіз заттардың жиналуына жол бермеу.

Тазалық – әрбір тұрғынның ортақ жауапкершілігі. Таза аула – көрікті елді мекеннің кепілі!
12 шілде 2026 ж. 220 0