ҚОЖАБАҚЫ АУЫЛЫНДА ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ - САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов пен ел ағалары Қазалы ауданы Қожабақы ауылындағы жаңа дене шынықтыру - сауықтыру кешенінің ашылу рәсіміне қатысты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Ауыл – біздің алтын бесігіміз. Ауылдағы тіршілік сапасын жақсартпай, жалпыұлттық дамуды елестету мүмкін емес» деген болатын.
Бүгін Өздеріңізбен бірге «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Қожабақы ауылында салынған жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенін ашуға жиналдық. Бір күнде 100 адамды қабылдауға қауқарлы заманауи кешенде бокс, грек-рим күресі, волейбол, футбол және баскетбол сынды спорт түрлерімен айналысуға болады. Бұл ауыл жастарының бұқаралық спортпен тұрақты шұғылдануына, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, болашақ чемпиондарды тәрбиелеуге жол ашады деп сенемін.
Алдағы уақытта да халқымыздың игілігіне, тұрғындарымыздың жайлы тұрмыс - тіршілігіне, жастарымыздың жарқын болашағына бағытталған жаңа жобаларымыз жалғаса береді», - деді облыс әкімі.
«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен Шиелі, Жалағаш аудандарында жаңа спорт кешендері ашылды.
Жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен 80 спорт-ойын алаңы салынды.
Бүгінде облыс орталығында «Қызылорда Арена» көпбейінді спорт кешенінің, «Қайсар» футбол клубы академиясының құрылысы қарқын алды.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі



