ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Ұлттық домбыра күніне орай "Талдысу" тынығу лагерінде КСРО халық композиторлар одағының мүшесі, ҚР мәдениет саласының үздігі, "Тұран" сыйлығының иегері, Айсыновтар отбасылық ансамбльінің жетекшісі Бәден Айсыновпен тағылымды кездесу өтті.
Кездесу барысында ұлттық домбыра өнерінің тарихы мен маңызын, қазақ күй өнері және ұлттық құндылықтар дәріптелді. Жастар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, мазмұнды сұхбатқа белсене қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты-ұлттық өнерді насихаттау, домбыраның қадір - қасиетін жас ұрпақтың бойына сіңіру және ұлттық рухты нығайту.
Домбыра - қазақ халқының рухын ,тарихын, салт-дәстүрін ұрпақтан ұрпаққа жеткізген қасиетті ұлттық мұра. Қос ішегінен төгілген әрбір күй - бабалардың аманаты, елдің шежіресі мен жүрек үні.




