Конституция

№49 (8963) 30

30 маусым 2026 ж.

№48 (8962) 27

27 маусым 2026 ж.

№47 (8961) 23

23 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » «Домбыра – ұлтымыздың рухы мен бірлігінің үні»

«Домбыра – ұлтымыздың рухы мен бірлігінің үні»


Руханият орталығында Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыра – ұлтымыздың рухы мен бірлігі» атты тағылымы мол мерекелік кеш өтті. Іс-шара аудандық кітапхана мен Жастар ресурстық орталығының бірлескен ұйымдастыруымен жүзеге асып, ұлттық өнерді ұлықтаған рухани басқосуға айналды.


Мерекелік кеште қазақтың қасиетті қара домбырасының тарихы мен тағылымы кеңінен насихатталып, оның ұлттық болмысымыздағы орны жан-жақты дәріптелді. Өнер жолының ардагері, домбыра жанашыры Уәлихан Әбдіханұлы домбыраның құрылымы мен әр бөлшегінің мән-маңызы туралы мазмұнды әңгіме өрбітсе, М. Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінің қызметкері, термеші Мұхтар Дәрібаев әуелете орындаған терме арқылы көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Сонымен қатар кітапхананың өнерлі оқырмандары – Балтабай Бағдәулет Мақсатұлы, Қасымхан Құралай, Балтабай Нұрымжан Жәнібекұлы, Бектас Гүлімай күмбірлеген күй орындап, ұлттық өнерге деген құрметтің биік екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Домбыраның қоңыр үні көрермен жүрегіне жол тауып, ұлттық рухты асқақтатты.

Қара домбыра – халқымыздың өткені мен бүгінін жалғаған алтын көпір, ұлттың мәңгілік үні. Осындай рухани кештер жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, төл өнерімізге деген сүйіспеншілікті арттыра түсетіні сөзсіз.

Ұлттық домбыра күні құтты болсын! Қасиетті қара домбыраның күмбірі әр шаңырақтан үзілмей, ұлттық рухымыз мәңгі жасай берсін!
02 шілде 2026 ж. 43 0